ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші ауданында «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» мамандары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, газдан уланудың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден оқыс-оқиғаларды болдырмау мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Негізгі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет олар: 1. Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады. Осыған байланысты газ тұтыну жүйелерімен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді мерзімді түрде жүргізу қажет. 2. Тек жарамды құрал-жабдықты пайдаланыңыз. Пеш қаланысындағы сызаттар және бітелген мұржа ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. 3. Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.Газ плитасын жылыту үшін пайдалану газдан улануға әкеп соғуы мүмкін. 4. Егер газ иісі шыққанын байқасаңыз,дереу «104» нөміріне хабарласыңыз. Аталған талаптар сақталған жағдайда, газдан улану мен қаза болу жағдайларын алдын алуға болады. Сонымен қатар газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабы бойыншаәкімшілік жауаптылык (жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл) көзделгенін назарларыңызға саламыз.