ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газдан уланудың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Оқыс оқиғаларға жол бермес үшін сіздерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Қауіпсіздік талаптары: 1. Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тұтынушыларға газ жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады. Осыған байланысты газ тұтыну жүйелерімен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді мерзімді түрде жүргізу қажет. 2. Тек жарамды құрал-жабдықты пайдаланыңыз. Пеш қаланысындағы сызаттар және бітелген мұржа ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. 3. Жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз.Газ плитасын жылыту үшін пайдалану газдан улануға әкеп соғуы мүмкін. 4. Егер газ иісі шыққанын байқасаңыз, дереу «104» газ қызметіне хабарласыңыз. Газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптар бұзылғанда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік (жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл) көзделгенін назарларыңызға саламыз.