ШЫМКЕНТ: ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңда тұрмыстық және өндірістік мақсатта газды қолдану - кең тараған құбылыс. Алайда газдың пайдалы жақтарымен қатар, қауіпсіздік ережелері сақталмаса, үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Газға қатысты жазатайым жағдайлар жиі кездесіп жатады, олардың негізгі себебі – газды дұрыс қолданбау. Желдетілмейтін бөлмеде (ванна) газды қолдану, газ құралдарын өз беттерінше жөндеу немесе монтаждау, жарамсыз немесе ескірген құралдарды пайдалану, газ плитасын немесе газ баллондарын қараусыз қалдыру салдарынан тұрғындар өміріне қауіп төнетін жайғдайлар жиілеуде. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтай отырып, газ техникалық қызметінің инспекторлары тұрғындарға мынадай кеңестер береді:

  1. Газ құралдарын тек мамандар орнату және тексеру
  2. Газдың иісі шыққан жағдайда дереу терезелерді ашып, газды өшіру және 104 нөміріне қоңырау шалу.
  3. Жабық бөлмеде газ қолданбау, әсіресе жуынатын бөлмеде. Желдетуді қамтамасыз ету.
  4. Газ құралдарын қараусыз қалдырмау.
  5. Газ құралдарын уақытылы байқаудан өткізу.
  6. ВДГО (ҮІГЖ) ұйымдарымен келісім шартқа тұру