ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС: МЕНШІК ИЕСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Қазіргі таңда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан заңсыз құрылыс нысандарымен күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен соңғы бір апта көлемінде қала аумағында заңсыз құрылыс нысандары бойынша басқарма тарапынан 48 хаттама толтырылып, 15 нысанға айыппұл салынды. Еңбекші ауданында орналасқан заңсыз салынған нысан анықталды. Аталған жер телімінің нысаналы мақсаты тұрғын үй үшін берілген, алайда меншік иесі екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатын азық-түлік дүкені ретінде пайдаланған. Тексеру нәтижесінде меншік иесі құрылыс жүргізу барысында Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын сақтамағаны (жобалау құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз) сондай-ақ тұрғын үйге реконструкция жұмыстары жүргізгені анықталды. Нәтижесінде меншік иесіне 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Құрметті қала тұрғындары! Кез келген ғимараттың құрылысын бастар алдын қолданыстағы заң талаптары мен құрылыс нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз! Талаптардың орындалмауы ірі көлемде айыппұл салуға, нысанды мәжбүрлеп бұзуға себеп болуы мүмкін.