ҚҰРЫЛЫС ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛМАҒАН «CARAMEL» ЛАУНДЖ-БАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан Тұран ауданы, Байтұрсынов көшесі 79/1 мекен-жайында орналасқан «CARAMEL» LOUNGE BAR ғимаратына тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында жалпы алаңы 154,9 шаршы метр болатын бұрын салынған дүкеннің функционалдық мақсатын заңсыз өзгертіп, реконструкциялап лаундж-бар ретінде пайдаланып келгені анықталды. Кәсіпкерге Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Заңнама талаптарын сақтамай, рұқсат құжатын, жобалау құжаттамасы мен сараптаманың оң қорытындысын алмай және техникалық, авторлық қадағалаусыз құрылыс жұмыстарын жүзеге асырғаны үшін 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар басқарма тарапынан нысанның жұмысын тоқтату туралы нұсқама берілді.