Шымкент қаласында 2016 жылы іске қосылған жалпы аумағы 89 га құрайтын Тассай индустриялық аймағында бүгінде 44,5 млрд теңгеге 2 мыңнан астам жұмыс орындарын құрумен 33 жоба іске қосылып, 50,8 млрд теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда. Аталған аймақ толықтай қажетті инфрақұрылыммен қамтылған. Сонымен қатар, қалада индустриалды аймақтар дамып, жаңа өндіріс орындары ашылуда. Инвесторлар тартылып, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Бұл – өңірдің экономикалық дамуына серпін беретін маңызды алаң.