ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ COCA-COLA IÇECEK KAZAKHSTAN ЖАҢА ЗАУЫТЫНА БАРДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ COCA-COLA IÇECEK KAZAKHSTAN ЖАҢА ЗАУЫТЫНА БАРДЫ

Мемлекет басшысы Шымкент қаласындағы заманауи Coca-Cola зауытының жұмысымен танысты.

Жылына 283 миллион литр өнім өндіре алатын бұл кәсіпорын жоғары деңгейде автоматтандырылған және экологиялық стандарттарға толықтай сай. Зауыт 150-ден астам адамды жұмыспен қамтып, өңір экономикасына жаңа серпін береді.

Президент өндірістік үдерістің барысымен танысып, осындай ауқымды жобалардың Қазақстан экономикасын әртараптандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту тұрғысынан маңызын атап өтті.