“КӨМЕШ БҰЛАҚ” БАЗАРЫНДА БӨЛШЕК САЛЫҚТЫҢ МӨЛШЕРЕМЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“КӨМЕШ БҰЛАҚ” БАЗАРЫНДА БӨЛШЕК САЛЫҚТЫҢ МӨЛШЕРЕМЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бөлшек салықтың мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға төмендетілді. Бұл қадам кәсіпкерлерге өз бизнесін кеңейтуге, қаржылық айналымды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Түсіндіру жұмыстары Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Мемлекеттік кірістер департаменті және Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жүргізілуде.