РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА 700 ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА 700 ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай аймақтарда «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Осы орайда Шымкент қаласындағы Сауда-логистикалық орталығына ағаш егу жұмыстарына  Кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасы және Shymkent ӘКК мамандары белсене қатысты. Экологиялық акция барысында 700 жуық ағаш егілді. Сенбілік  шараға 60 -тан астам адам қатысып, қоқыс тазалау, шөп ору жұмыстарына белсенді атсалысты.

Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады.

Бір айға созылатын іс-шара аясында сенбіліктер мен экологиялық акциялар, айналамызды тазалыққа келтіру жұмыстары, тал егу, көше және аулалардың тазалық жұмыстары қарқынды атқарылады.