ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КӨРМЕСІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КӨРМЕСІ

KIHE 2024: денсаулық сақтау саласының негізгі іс-шарасы бүкіл әлем бойынша сала
мамандарын жинайды
2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында Алматы «Атакент» көрме орталығының аумағында
29-шы Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» - KIHE 2024 көрмесі өтеді.
KIHE жобасының негізгі міндеті – мамандарды медицина және фармацевтика
саласындағы ең заманауи жабдықтармен және технологиялармен таныстыру, денсаулық сақтау
ұйымдарын сапалы және заманауи медициналық техникамен қамтамасыз ету және Қазақстан
азаматтарын диагностикалау мен емдеудің тиімділігін арттыру.
29 жыл бойы KIHE көрмесі салалық министрліктер мен қауымдастықтардың өкілдерін,
халықаралық және отандық компаниялардың топ-менеджерлерін, мемлекеттік және жеке
медициналық мекемелердің басшыларын, сарапшы-практиктерді, ғалымдар мен түрлі
мамандықтағы дәрігерлерді біріктіріп келе жатыр.
Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында:
«2024 жылы денсаулық сақтауға 2,6 триллион теңге бөлінеді», - деп атап өтті. Денсаулық сақтау
саласына қомақты қаражат бөлу сапалы қызметтер мен заманауи жабдықтардың қол
жетімділігіне деген ұмтылысты баса көрсете отырып, Үкімет үшін халық денсаулығы басты
мәселе екендігін білдіреді. Бұл шаралар салауатты қоғамды қолдау арқылы халықтың өмір сүру
сапасы мен өмір сүру ұзақтығын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.
2024 экспозициясы
KIHE экспозициясы сенімді өсуді көрсетеді және биыл үш көрме павильонын алады.
Көрменің қатысушылар саны күн сайын артып келеді – тек наурыз айында KIHE 2024-ке
Гонконг, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, Түркия, Франция және
Оңтүстік Кореядан 30-дан астам жаңа компания қосылды. 100-ден астам жаңа компания
дебютант болады. Ұлттық топтар Германия, Өзбекстан және Чехия. Ұжымдық
экспозицияларды «Мәскеу экспорттық орталығы» АКЕҰ, «Алтай шағын және орта бизнесті
дамыту қоры», Кузбасс (Кемерово облысы) және Беларуссиядан «Белфармпром»
ұйымдастырады. Сондай-ақ, биылғы экспозиция шетелдік қатысушылардың сандық өсуімен
ерекшеленеді, оның ішінде: Қытай 63, Германия 12 және Үндістаннан 5 компания. Биылғы
жылдың қатысушылары әлемнің 20 елінен 300-ден астам компания болады деп күтілуде.
KIHE 2024-те медициналық, зертханалық, диагностикалық, оңалту жабдықтары мен
техникасының, дәрілік заттардың, шығын материалдарының, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың, хирургиялық құралдардың, медициналық қызметтердің жаңалықтарын қоса
алғанда, өнімдердің кең таңдауы мамандарға саладағы түрлі инновациялармен және
технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Әлемнің түкпір-түкпірінен бірегей технологиялар
Қазақстанның бірыңғай алаңында ұсынылады.
Іскерлік бағдарлама
KIHE көрмесінің мазмұндық бөлігі үшін үш конференц зал бөлінеді - үш күн қатарлас
форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
Биылғы жылдың басты оқиғасы қазақстандық кәсіби қауымдастықтармен
ынтымақтастықта алғаш рет ұйымдастырылатын I Халықаралық медициналық форум -
«Medinnovations Forum» болмақ. «Medinnovations Forum» жабдықтар мен диагностикада,
емдеу хаттамаларында, фармацевтикалық препараттарда және түрлі ауруларды зерттеу
әдістерінде жаңалықтар ұсынады.
«Medinnovations Forum» бірлескен ұйымдастырушылары – Қазақ нейромодуляция
қоғамы, Қазақстан Республикасы кардиологтар қауымдастығы, Қазақ нейрохирургтер
қауымдастығы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, Shashkin Clinic, «Қазақ
анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ, Назарбаев Университетінің Медицина
мектебі. Форум кардиология, реаниматология, нейрохирургия және нейромодуляция сияқты
салалардағы өзекті мәселелер мен инновацияларға бағытталған. Бұл дәрігерлер, ғалымдар,
кәсіпкерлер және медицина саласының басқа мамандары арасында тәжірибе мен озық
практикалармен алмасудың бірегей мүмкіндігі. Сонымен қатар, Форум жобаларды, өнімдерді
және зерттеулерді таныстыру үшін алаң ұсынады, бұл оларды ілгерілетуге және инвестиция
тартуға ықпал етуі мүмкін. I Халықаралық медициналық форум «MedInnovations Forum»-ға
қатысу қатысушылардың кәсіби дамуын айтарлықтай байыта алатын және жалпы медицина
саласының дамуына ықпал ететін пайдалы және шабыттандыратын тәжірибе болуға уәде береді.
Сондай-ақ, KIHE көрмесінің аясында жыл сайынғы «Антиобиотикорезистенттілік.
Денсаулық сақтаудағы сын-қатерлер» Республикалық конференциясы, Зертханалық медицина
мамандарының форумы, «2024 жылғы Қазақстанның фармацевтикалық нарығы: мәселелер
мен перспективалары. MedTech 2024» дөңгелек үстелі және қатысушылардың семинарлары
өтеді.
KIHE 2024 серіктестері
Заманауи медициналық жабдықтар мен медициналық бұйымдардың ірі қазақстандық
өндірушісі «Ordamed» компаниясы 29-шы Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» -
KIHE 2024 көрмесінің Бас серіктесі ретінде қатысады. Компанияның медициналық нарықта 18
жылдық табысты тәжірибесі, 6000-нан астам қанағаттанған клиенттері және 56 мыңнан астам
орнатылған жабдықтары бар. Әлемдегі жетекші компаниялармен серіктестікте Ordamed озық
технологиялар трансферін қамтамасыз ете отырып, медициналық жабдықтарды оқшаулаумен
айналысады. Жыл сайын іс-шараның белсенді қатысушысы бола отырып, компания
қатысушылар мен келушілерге соңғы инновациялық әзірлемелерді және ең заманауи
медициналық жабдықтарды көрсетеді. Көрме күндері компания стендінде жаңа өнімдердің
үлкен тізбесі ұсынылады, сондай-ақ қазақстандық Heka u7 УДЗ-аппаратының таныстырылымы
өтеді.
«MedStandard» - медициналық бизнестегі жаһандық реттеуші, KIHE 2024 көрмесінің
Тіркеу серіктесі болады. Компания бүкіл әлем бойынша 20 жыл бойы медициналық өнімдерді
өндірушілер мен дистрибьюторларға тіркеу, сертификаттау және ілеспе қызмет лицензияларын
ұсынады.
Жаңа қызмет түрі - көрмедегі жеке цифрлық көмекші
Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы
болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-
коммуникациялар құру. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, лидтерді жинау
және ең өзекті ақпаратты оңтайлы пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту
үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл
жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.
Ресми қолдау
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы
қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Фармация» СК» ЖШС, ҚР халықаралық
фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР
фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, Қазақстан Республикасы
кардиологтар қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ
(КОАР), Қазақ нейромодуляция қоғамы ресми қолдау көрсетті.
Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның
халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Көрме туралы толығырақ ақпаратты www.kihe.kz сайтында таба аласыз.
Көрмеге тегін билетті сілтеме арқылы алуға болады https://kihe.kz/ru/posetitelyam/poluchite-biletna-vystavku?promo=KIHE24VIP көрме сайтында KIHE24VIP промокодын пайдалану арқылы.