ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚОЛДАУЛАР БОЙЫНША СЕМИНАР

ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚОЛДАУЛАР БОЙЫНША СЕМИНАР

2024 жылдың 11 сәуір Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы АҚ бірлесіп өңірлік  кәсіпкерлер палатасының базасында семинар өткізілді.

Іс-шараның барысында аталған даму институттары өнеркәсіпті дамыту саласында көрсететін қызметтер және отандық тауарөндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдаулар бойынша туындаған мәселелері талқыланды.

Аталған іс-шараға 40- қа жуық кәсіпкерлер қатысты.