Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы 2005 жылы мақтаны қайта өңдеу өндiрiстерін, тоқыма және тігін өнеркәсiбiн дамыту мақсатында құрылды. Бүгінде өндірістік бағыттары кеңейтіліп, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар, жиһаз шығарушылар, фармацевтика, машина жасау және химия өнеркәсібі салалары жолға қойылды.
Қазіргі таңда аталған аймақ ауқымды жұмыс істеп тұр. Жалпы аумағы – 225 гектар. Ашылғаннан бері 58,9 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылды. Өнімдері 23 елге экспортталуда. Жалпы мұнда 2200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.
Алдағы уақытта бұл аймақтың өндірістік аумағын қосымша 175 гектар ұлғайтып, 30-дан астам жобаны іске асыру көзделіп отыр.