«MEGA SMART»ЖШС

«MEGA SMART»ЖШС

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшылығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспановты Шымкентке жасаған іс-сапарында кезекті «Тассай» аумағында орналасқан жалпы құны 545 млн.теңге болатын МДФ жылтыр плиталары мен жиһаз шығаратын «Mega Smart» ЖШС жобасымен таныстырды. Аталған өндіріс орнында 69 жұмыс орны құрылған.

«Mega Smart» ЖШС «Сапа инвест Плюс» ЖШС-мен МДФ жылтыр плиталарына ламинаттау үшін мақта сабағынан өндірілген ДСП сатып алады.

Бұл жобаны іске асыру Қазақстанға Оңтүстік Кореядан әкелінген жылтыр плиталарды толық импорттауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда сыртқы нарыққа Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және Ресей мемлекеттеріне жеткізу пысықталуда.

Сонымен қатар, 2022 жылы «Mega Smart» компаниясы жиһаз фабрикасын іске асырды. Жобаның жалпы құны - 750 млн. теңгені құрайды, жобаның қуаттылығы-жылына 120 мың жиһаз жиынтығын өндіреді. Жоба аясында 100 ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Компанияның Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында өкілдігі бар. Жалпы Қазақстан бойынша 16 өкілдік құру жоспарлануда.