ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов жергілікті өндіріс орындарымен танысып, кәсіпкерлердің пікірін тыңдады.
Шымкент қаласындағы іс-сапарында вице министр ауқымды өндіріс орындарының бірі «Бал-Текстиль» жіп өңдеу және кілем шығару фабрикасына ат басын бұрды.
Жобаның қуаттылығы :
1-жоба - 5 млн. м2 кілем бұйымдары
2-жоба - 4000 тонна синтетикалық Иірілген жіп
3- жоба-1 млн. м2 кілем бұйымдарын өндіреді.
1 жоба-149 адам, 2 жоба-100 адам, 3 жоба-50 адам, 4 жоба-20 адам жұмыспен қамтылған.
Негізгі тұтынушылар: ішкі нарық-60%;
Сыртқы нарық-40% (ТМД және Еуропа елдері) құрайды.