ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспанов Шымкентке жұмыс сапары барысында бес жылға тоқтап қалып, 2020 жылы мемлекеттің қолдауымен қайта іске қосылған «TPK ALLIANCE» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) тігін фабрикасының ұжымымен кездесті.
Зауытта 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Жобаның құны 1 млрд теңгені құрайды.
Фабрика басшылығының айтуынша, жобаның қуаттылығы жылына 615 мың төсек-орын, 297 мың киім жиынтығы, 1,6 мың тонна түкті бұйымдар, 1,3 мың тонна трикотаж мата.
Өнімнің 70 пайызы ел ішінде сатылса, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.