Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов стадионының аумағында Шымкент қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырумен отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесінің бірінші кезеңі өтті.

Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов стадионының аумағында Шымкент қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырумен отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесінің бірінші кезеңі өтті.

Жәрмеңкеде қаланың 14 өнеркәсіп кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.
Олардың ішінде: «Гаухар» тігін фабрикасы» ЖШС (мектеп формасы), «Әлем-БТ» ЖШС (шұлық бұйымдары: спорттық, балалар, әйелдер, ерлер), «Шымкент-Кашемир»  ЖШС (тоқыма бұйымдары: түйе жүнінен жасалған киім және шұлық), «КазИталКожа»  ЖШС (былғары бұйымдар: балалар сөмкелері, белдіктер мен қарындаштар, «LUX SHOES» БК ЖШС (былғарыдан жасалған ерлер және әйелдердің аяқ киімі), «SAGITEX GROUP» ЖШС (іш киім), ЖК «Заря» (былғары аяқ киім), «B’ Bars» ЖШС (аяқ киім), «Nappa.kz» ЖШС (аяқ киім), «QAGAZ ORDASY» ЖШС (жазу қағазы), «А энд К ЭКСПО  LTD»  ЖШС (жазу қағазы), «Azala Textile» ЖШС (мектеп формасы), ЖК Абдиев (мектеп формасы). «Вектор» ЖШС (оқушы дәптері).

Жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілері шығаратын мектеп формасы, аяқ киім және басқа да тауарларды сатып алу. Жәрмеңкедегі тауарлар өндірушілердің бағасы бойынша ұсынылды.