Белгіленген орындардан тыс жерлерде сауда-саттық жасауға тыйым салынған

Белгіленген орындардан тыс жерлерде сауда-саттық жасауға тыйым салынған

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шымкент қаласы әкімінің ағымдағы жылдың 25 тамызындағы №96-ө өкімімен қала аумағындағы ретсіз саудаға мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмыс тобы қаладағы ретсіз сауда ошақтарында ретсіз сауданы жою мақсатында қала аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жыл басынан  қала аумағында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, 4286 хаттама толтырылды, оның ішінде 3452 ескерту, 834 айыппұл салынған.