
Құрметті Шымкенттік кәсіпкерлер, ағымдағы жылдың 20 қыркүйектен бастап 23 қыркүйегіне дейін 29 жасқа дейін кәсіпкерлерден «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру (бұдан әрі – Бағдарлама) байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.
Құрметті Шымкенттік кәсіпкерлер, ағымдағы жылғы 20 қыркүйегінен бастап 23 кыркүйекке дейін 29 жасқа дейін кәсіпкерлерден «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру (бұдан әрі – Бағдарлама) байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз. Бағдарламаның шарттары мен қажетті құжаттар тізімін төменде танысуға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 24-75-14, 24-74-22 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Мемлекеттік гранттар берудің шарттары.
Өз қызметін экономиканың басым секторларының шеңберінде жүзеге асыратын, осы конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған шағын кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Бағдарлама шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге арналған қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы талап.
Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланады:
1) тауарлар шығаруға немесе қызметтер көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технология сатып алу;
4) кешендi кәсiпкерлiк лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын:
1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысының төлемі ретінде;
3) үлестес компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (көрсетілетін қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);
4) бұрын қолданыста болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;
5) осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;
6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға пайдалануға болмайды.Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі жеке тұлғадан автокөлікті сатып алу жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (жеке тұлғадан автокөлік сатып алуға жол беріледі).
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.
Мынадай:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруын (ақша қаражатымен,
бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 3-топтағы мүгедектерді қоспағанда);
5) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;
6) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде);
7) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелген және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.
Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар негізінде (кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті болып табылмайды;
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
Бұл ретте, бизнес-идеяның жаңашылдығы өлшемшартына:
нақты елді мекенде немесе ауылдық округте бұрын өткізілмеген тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды;
нақты елді мекенде немесе ауылдық округте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.
Қажетті құжаттар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:
1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);
3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде
3-топтағы мүгедектікті қоспағанда);
4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара
іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда);
5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).