Оңтүстік Қазақстанның ірі өндірісшілері «Теңізшевройл» ЖШС-мен ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы әңгімелейді

Оңтүстік Қазақстанның ірі өндірісшілері «Теңізшевройл» ЖШС-мен ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы әңгімелейді

Қазастандағы ең ірі мұнай өндіруші «Теңізшевройл» компаниясы биыл қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтеріне 2,7 млрд АҚШ долл. жұмсады. ТШО-мен бірлесе жұмыс істейтіндер арасында еліміздің оңтүстігінен де кәсіпорындар бар. Әңгіме майлау материалдарын шығаратын әлемдік деңгейдегі жоғары технологиялы  «HILL Corporation» зауыты мен еліміздгі ең ірі «Alageum Electric» электр техникалық компаниясы туралы болмақ.

Қазақстанда тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі майлау материалдарын өндіретін «HILL Corporation» зауыты 2010 жылы пайда болды, ал екі айдан кейін зауыт Теңізшевройл компаниясының автошаруашылық басқаруына арналған мотор және трансмиссиялық майлардың әлеуетті қамтушысы ретінде қарастырылды. Шыны керек ТШО-мен ынтымақтастық орнату үшін бірқатар сынақтарға төтеп беруге тура келді. Бекер күтпеген екен, сынақ нәтижесі бойынша мұнай компаниясы шетелде өндірілген майлардың бір бөлігін отандық өнімге ауыстыру туралы шешім қабылдаған.

Қазір Шымкенттік мұнай өндірушілерді еліміздің ірі компанияларымен берік келісімшарттар байланыстырады. Олардың арасында «ҚазМұнайГаз «БӨ» Ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Арселор Миталл» АҚ және басқалары бар.

Сондай-ақ,  «HILL Corporation» пайдаланылған майды қайта өңдейтін бірден бір зауыт құрылысын аяқтады. Өндірісшілер қауіпті өнім дейді, өйткені қоспа улы болуы мүмкін. Оларды өртеу канцерогендік заттардың бөлінуін қамтамасыз етумен тең, ал HILL Corporation оларды қайта өңдей алад. 2018 жылдан бастап кәсіпорын жұмыс істеп келеді және пайдаланылған майларды көп сатылы тазалауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді және пайдаланылған майларды көп сатылы тазалаудан өткізуде.