МЕГАПОЛИСТЕ «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕГАПОЛИСТЕ «ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының «Көрме» орталығында «Шымкент өнімдері» көрмесі басталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған бұл көрме 17-19 қараша күндері аралығында өтеді. Іс-шара-жергілікті тауар өндірушілерн қолдау, оларды халыққа кеңінен таныстыру және тауарлардың өткізу нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруды мақсат тұтады.

Көрме экспозициясы құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тағы басқа салалар бойынша 100-ге жуық кәсіпорындар өнімдерімен ұсынылды.

Көрменің ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнім түрлерімен танысты, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Экономиканы әртараптандыру, өндірілетін тауарлардың түрлерін көбейтіп,  экспорт географиясы кеңейту жұмыстарының нәтижесінде Шымкент ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасқанын атап өтті.