
Конкурсты ұйымдастырушы: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриaлды-инновациялық даму басқармасы.
Орналасқан жері: «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновциялық даму басқармасы» ММ, Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10.
пошталық мекенжайы: 160000.
байланыс телефоны: 8 (7252) 24-74-23, 24-75-25, 24-74-27, 8-777-527-50-69
Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы. Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы, «Бизнеске арналған үкімет». Сонымен қатар Qoldau.kz электронды порталының, «Бизнестің жол картасы – 2025» бөлімінде (өзіңізбен электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға жеке өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы «7» маусымнан бастап 2021 жылғы «18» маусым қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді берудің басталатын күні мен уақыты: 2021 жылғы «7» маусымы сағат 10:00-ден бастап (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді берудің аяқталатын күні мен уақыты: 2021 жылғы
«18» маусым сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде танысуға болады.