Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларға гранттар беру бойынша байқау өтті.

Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларға гранттар беру бойынша байқау өтті.
Бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 150 млн. тг қарастырылған. Жобаға жалпы саны 212 азамат өтінім берсе, 183 тұрғынның жобасы қабылданды. Үздік деп танылған кәсіпкерлердің бизнес жобаларын іске асыруға 2 млн- нан      5 млн.-ға дейін қаражат берілмек. Жобаға өтінім білдірген үміткерлер: жеміс-жидектер өндірісі, кондитерлік өнімдер цехы, балалар ойын бөлмесі, ағаштан ойыншықтар шығару және автомектеп ашу сынды бірқатар бизнес жоспарларын ұсынған.