
Компания өндіріс көлемін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Аумағы 17 гектар учаскеде құны 39,5 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба аяқталғаннан кейін таблетка өндірісінің көлемі жылына 2 млрд данаға дейін артып, кәсіпорында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026-2036 жылдар.