Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан «Назар Текстиль» ЖШС кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру бағытындағы жобасын табысты жүзеге асырып келеді.
Кәсіпорынға 1,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, 140 тұрақты жұмыс орны ашылды. 2014 жылы іске қосылған өндіріс орны бүгінде тұрақты жұмыс істеп, өңірдегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына және отандық өндіріс көлемінің артуына өз үлесін қосуда.
Кәсіпорын іске қосылғаннан бері жалпы құны 8,54 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш «Назар Текстиль» ЖШС-нің отандық кілем өндірісін дамытудағы әлеуеті мен өндірістік мүмкіндігінің тұрақты екенін көрсетеді.
Жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және өндірістік кәсіпорындардың әлеуетін арттыру – Шымкент қаласының экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі.