Бүгін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныңвице-президенті және өңір ғалымдарыныңқатысуымен маңызды семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірлік ғылыми-техникалық саясатты дамыту тетіктерін талқылау, форсайт әдіснамасы бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ өңірлік ҒЗТКЖ жобаларына арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды әзірлеу және оларды жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру мәселелерін қарастыру болды.
Кездесу барысында қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, инновациялық жобаларды қолдау және өңірдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды.
Аталған семинар өңірдегі ғылым мен инновацияны дамытуға серпін беріп, ғылыми қауымдастық, бизнес және мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.