ШЫМКЕНТТЕ ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 6-8 наурыз аралығында гүлдер жәрмеңкесі өтеді. Мерекелік іс-шарада қала тұрғындары мен қонақтары түрлі-түсті, хош иісті гүлдер мен ерекше безендірілген гүл шоқтарын сатып алып, көктемнің әсем лебін сезіне алады.

Жәрмеңке аясында мерекелік көңіл-күй, сәнді безендірілген сауда алаңы және алуан түрлі гүл өнімдері ұсынылады. Жақындарыңызға, аяулы жандарыңызға гүл сыйлап, шаттық пен жылулық сыйлауға тамаша мүмкіндік бар.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

* Бірыңғай үлгідегі (ақ түсті) шатыр орнату;
* Сауда орнында тазалық сақтау.

📍 Өтетін орны: Астана алаңы

📅 Өтетін уақыты: 6, 7 және 8 наурыз.

Көктем мерекесін бірге қарсы алайық!