Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Кеңестің мақсаты – ғылымды дамыту стратегиясына сәйкес өңірлік ғылым, технология және инновация саласындағы саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Отырысқа мемлекеттік органдар, Ұлттық ғылым академиясы, өңірлік кәсіпкерлік палатасы, жоғары оқу орындары мен бизнес өкілдері қатысты.
Жиында кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ғылыми жобалар мен білім беру ұйымдарының жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар өңірдегі ғылым саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, құнды ұсыныстар айтылды.