Жұмыс сапары барысында вице-министр қала әкімдігінде халықпен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде сауда саласын дамыту, Шымкент қаласының өнімдерін экспортқа шығару, кәсіпкерлікті қолдау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
🔹 Кәсіпкерлер өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.
🔹 Тұрғындар көтерген сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Күннің соңында Айдар Әбілдабеков бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.