Жұмыс сапары аясында вице-министр қаладағы бірқатар ірі өндірістік кәсіпорындарды аралап, олардың қызметімен танысты:
🔹 «Pioneer Grain Products» ЖШС – тәулігіне 500 тоннаға дейін бидай өңдейтін заманауи ұн кешені. Кәсіпорын «Пионер Элитная» және RADUGA брендтерімен өнім шығарып, оны Орталық Азия мен ТМД елдеріне экспорттайды.
🔹 «Wan Sheng Ceramic» ЖШС – Орталық Азиядағы ең ірі керамикалық плитка және керамогранит зауыты. Жылдық қуаттылығы – 10 млн м², 350 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
🔹 «Барыс 2007» ЖШС – макарон өнімдерін өндіретін кәсіпорын.
🔹 «AsiaTrafo» ЖШС – қуаты 25-тен 500 МВА-ға дейінгі электр трансформаторларын шығаратын зауыт.
Бұл кәсіпорындар ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да елеулі үлес қосуда.