Бақылау-қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп береді

Бақылау-қадағалау органдары бизнес-қауымдастық алдында есеп береді

2025 жылдың 25 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. «Бірыңғай есеп беру күні» аясында бақылау - қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.

Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі, Прокуратура органдары, Мемлекеттік қызмет істері департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Шымкент қаласындағы басқа да бақылау-қадағалау органдарының өкілдері қатысады.

 Кәсіпкерлерді осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау – қадағалау органдарына сұрақ қоюға шақырамыз.

Өтетін орны: Н. Назарбаев 10, Шымкент қаласының аппарат әкімдігі 2 қабат, үлкен мәжіліс залы.