Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының бірі – «Tianjin Youfa Steel Pipe Group Co. Ltd.» өкілдерімен кездесу өткізді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының бірі – «Tianjin Youfa Steel Pipe Group Co. Ltd.» өкілдерімен кездесу өткізді.

Инвесторлар қаламызда түрлі диаметрдегі түзу жіксіз болат құбырларын өндіретін зауыт салуға қызығушылық танытып отыр. Жоба шеңберінде жылына 200 мың тонна өнім өндіріліп, 170-тен астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Кездесу барысында Ғабит Сыздықбеков жобаға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтіп, мұндай бастамалардың Шымкенттің өндірістік әлеуетін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын құруға зор үлес қосатынын жеткізді.