Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Инвестициялар комитеті, Бас прокуратура және Kazakh Invest ҰК бірлесіп, инвесторларға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Кездесу кезінде инвестициялық жобаларды қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелер бойынша ашық диалог өтті.
Ашық есік күніне 70-тен астам кәсіпкер қатысып, өз ұсыныстарын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарына нақты жауап алды.
Бұл бастама мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы ашықтықты арттырып, өзара сенімді серіктестікті нығайтты.