ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі, оның орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Қабылдауда Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдері де қатысып, сала мамандары халық көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп, мәселелерді шешуге атсалысты.

Барлық өтініштер жеке бақылауға алынып, шешім қабылданғанға дейін назарда болады. Тұрғындардың белсенділігі қаламыздағы өзекті проблемаларды шешуге және өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосуда.