Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға өтініштерді қабылдау

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар оларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізу мақсатында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына тиісті құжаттарды ұсынады.

Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) электрондық құжаттар нысанында хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе басшы қол қоятын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысандар бойынша өзінің өкілетті өкілі арқылы береді не оны алмастыратын адаммен бекітіледі және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі (бар болса).

Өтініште және құжаттарда қамтылған мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуы тиіс.

Өтінім беру орны: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10, 13-қабат, №1307

Электрондық пошта : msb_shymkent@mail.ru.

Байланыс телефондар: 8 (7252) 24-74-22, 24-75-14.

Құжаттаманы ұсыну мерзімдері: «1» наурыздан 2024 жыл  «15»наурызға 2024 жыл жұмыс күндері 10 сағаттан 17 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).

Социальное предпринимательство
Дата публикации
14 ноября 2022