Шымкент қаласында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссиясының жұмысты туралы

Шымкент қаласында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссиясының жұмысты туралы

Шымкент қаласында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссиясының жұмысты туралы

Ипотекалық қарыз алушыларды мемлекеттік қолдау аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда (бұдан әрі - Бағдарлама).

Бағдарлама жалғыз тұрғын үйді сақтауға, 2004 жылдан 2009 жылға дейін ипотекалық қарыз алушылардың қарыздық жүктемесінің төмендеуіне, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетел валютасымен қарыз алған қарыз алушылар үшін валюталық тәуекелді болдырмауға бағытталған.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және ипотекалық ұйымдар бағдарламасы бойынша қайта қаржыландыруға 256,1 млрд теңге сомасына 37 149 несиелер мақұлдады, 229 млрд. теңгені құрайтын 34 686 несиелер қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында қарыз алушылардың ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту туралы шағымдарын қарау Комиссиялары құрылды. Комиссия қарыз алушылардың банктің Бағдарлама талаптарына сәйкес несие беруден бас тартуының заңдылығы туралы шағымдарын қарайды.

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құрамынан шығуына байланысты, 2020 жылдың қаңтар айында, Шымкент қаласы Әкімшілігінің жанынан Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың, кейіннен уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Бағдарламаға қатысушы банк) ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылды.

Комиссия құрамына Әкімшіліктің Қаржы басқармасынан, Тұрғын үй және  тұрғын үй инспекциясы басқармасынан және Ішкі саясат және дін басқармасы, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі Шымкент қаласының оңірлік өкілдер басқармасы, Шымкент қ. Әділет департаменті, «Халықтың баспанасын қорғау» қоғамдық бірлестігі өкілдері кірді.

Бағдарламаға қатысушы банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі Комиссияның жұмыс органы Шымкент қаласы Әкімшілігінің қаржы Басқармасы болып табылады.

Комиссияның негізгі қызметі болып қарыз алушылардың Бағдарламаға қатысушы банктің қарыз беруден бас тартуына қатысты шағымдарын қарау. Қайталанған шағымдар жаңа дәлелдемелер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болған жағдайда ғана қаралады.

Комиссия отырыстары шағым берген адамның қатысыуымен/қатысуынсыз өткізіледі.

Комиссия отырыстары қажет болған кезде әр айдың бірінші және үшінші апталарында бейсенбі сайын өткізіледі.

Комиссия шағымды қарау үшін қарыз алушы жазбаша түрде Комиссия мүшелеріне банктік құпияны ашуға келісімін беріп және құжаттар тізімімен келесі мекен-жай бойынша: Шымкент қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 10 үйге жүгінуі керек.

Қажетті құжаттар тізімін және келісім алуға өтінім үлгісін алу үшін келесі байланыс телефондарына хабарлассаңыз болады: 8 (7252) 99-79-22, 99-79-23.

Шағымды Комиссия келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі тағы 30 күнтізбелік күнге немесе ол түпкілікті орындалғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

Объективтілік үшін Комиссияның шешімі банктің ақпаратын және Бағдарламаның барлық критерийлерін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады, және егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Шешім туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

2019 жылдың 23 желтоқсанында Бағдарламаға банктерге Бағдарламаның шарттары бойынша «халықтың әлеуметтік әлсіз топтары» санатында бұрын қаржыландырылған қарыздар бойынша, қарыз алушылардың қарызды жеңілдетудің қосымша тетіктерін қолдануға құқық беретін өзгерістер енгізілді. Банктің балансына өткен тұрғын үйді меншікке қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыға жаңа несие беру арқылы немесе одан әрі өтеу мүмкіндігімен жалға беру арқылы қаржыландыру құқығы берілді.

Қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын жан-жақты талдаудан кейін банктер қосымша көмек көрсетеді.

Егер банк қосымша көмек беруден бас тартса, қарыз алушы Комиссияға шағымдануға құқылы.

Айта кету керек, Бағдарламаның 1 және 2-бөлімдерінің шарттары бойынша қарызды қайта қаржыландыру туралы Комиссияның шешімдері банктер үшін міндетті болып табылады.

Сонымен бірге, Бағдарламаның 2-1 бөлімі шеңберіндегі Комиссияның шешімдері тек кеңес беру сипатына ие. Бағдарламаға қатысушы банктер Комиссияның ұсынысы бойынша қосымша көмек туралы түпкілікті шешімді дербес қабылдайды.