Президент Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.