Қарыз алушылардың ипотекалық түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпарат

Қарыз алушылардың ипотекалық түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпарат

Қарыз алушылардың ипотекалық түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы ақпарат

        Қала әкімінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 9-ө  «Қарыз алушылардың ипотекалық түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, қала әкімдігінде қарыз алушылардың ипотекалық түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарайтын комиссия жұмыс істейді. (бұдан әрі - Комиссия). Комиссияның құзыретіне екінші деңгейдегі банктердің түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бойынша қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуының зандылығы және заңсыздығы туралы шешім қабылдау кіреді.                                             

      Қайта қаржыландыру бағдарламасының мақсаты жеке тұлғалардың - ипотекалық түрғын үй қарыздар/ипотекалық қарыздарына бағытталған. Түрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру жөніндегі бекітілген бағдарламаға сәйкес қайта қаржыландыру мынадай шарттардан тұрады:         

  • қайта қаржыландыруға қарыз алушы банкте және/немесе Қазақстан Республикасының ипотекалық ұйымында 2004 жылғы 1 қаңтардан 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін алған ипотекалық түрғын-үй қарыздар/ипотекалық қарыздар жатады;
  • Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қарыз алушы мен оның зайыбының (жұбайының) меншігінде жалғыз тұрғын үйдің немесе жердің болуы;                                  
  • қайта қаржыландыруға жеке тұрғын үй құрылысына мақсатты бағытталған тұрғын үй немесе жер учаскесі түрінде кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық түрғын-үй қарыздар/ипотекалық қарыздар жатады;
  • Қайта қаржыландыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ХӘОТ-на жататын борышкерлердің тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздар жатады.      Осылайша, қарыз алушы ХӘОТ-на жатуы қажет және т.б.

    Қарыз алушылардың ипотекалық түрғын үй қарызын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартулар алуға қатысты шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның 2019 жыл бойынша жұмыс барысында 15 отырыс өткізіліп, онда екінші деңгейдегі банктердің қайта қаржыландырудан бас тартқан 272 қарыз алушылардың өтініштері қаралды.

      2020 жылдың басынан 24 өтініш қаралды, оның ішінде 20 мәселе мақұлданды, 4 өтініш бойынша екінші деңгейдегі банктердің бас тартуымен келісу туралы шешім қабылдады.