"Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қызметкерлері Шымкент қаласының қаржы басқармасында семинар өткізді

"Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қызметкерлері Шымкент қаласының қаржы басқармасында семинар өткізді

2020 жылғы 25 қараша күні АNTIKOR Life жобасы аясында "Адалдық-ардың ісі" атты сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Жалын" жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Шымкент-адалдық алаңы” жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Іс-шараға  Жалын жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі, спикер Байзахова Сабира Мұратқызы, Шымкент қалалық Адалдық алаңы жобалық кеңсесі орталығының ААТ лекторы, ОҚМПУдые тарих ғылымдарының кандидаты, "Рухани жаңғыру" орталығының басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы, қатысып, қатысушылармен сұхбаттасып, пікір алмасты, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.