
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, «Қарызсыз қоғам», «Қаржылық сауаттылықты арттыру» жобаларын талқылау және түсіндіру бойынша 25.11.2025 жылы ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша «AMANAT» партиясының ғимаратында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында «Аманат» партиясы, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының заң кеңесшісі, Абай, Әл-Фараби, Тұран, Еңбекші, Қаратау аудан әкімдіктері, мемлекеттік кірістер департаментi, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласы бойынша Д, Е санаттары бөлісінде банк несиелері мен микрокредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың тізімін отбасылық цифрлық картаға енгізу, аталған деректерді жаңарту, деректері бойынша статистика жүргізу шараларын ұйымдастыру талқыланды.
Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Құқықтық сауаттылықты арттыру» курсын өткені үшін 5 аудан кеңесшілеріне сертификаттар табысталды.