Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментімен бірге өткізілген семинар-жиналыстар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментімен бірге өткізілген семинар-жиналыстар туралы

Шымкент қаласының қаржы басқармасы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінің ұйымдастыруымен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қатысуымен 10 желтоқсан күні сағат 10:00-де (Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көшесі №2, Ұлттық Банк филиалының әкімшілік ғимаратында, 2 қабатта) «Қазынашылық органға ұсынылатын қаржы құжаттарының дұрыс рәсімделуі» тақырыбы бойынша кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.
1. ҚР Бюджет Кодексінің 109 бабына сәйкес азаматтық-құқықтық мәмілелерді ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін тіркеуге жол берілмейді.
2. 2025 жылғы 29 желтоқсан – реконвертациялауға өтінімдер және шетел валютасында ақша айырбастауға өтінімдер;
түсімдер қайтарымдарының, міндетті зейнетақылық жарналар, әлеуметтік төлемдер, жалақылар, жәрдемақылар, шәкіртақылар, алименттер қайтарымдарының сомасын аудару үшін төлем тапсырмалары, төлеуге берілген шоттарды қоспағанда; мемлекеттік мекемелерден, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, қаржылық қолдау операторларының, бас мердігерлерден, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордан және мемлекеттік кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардан төлем құжаттарын қабылдаудың соңғы күні.
3. 2025 жылғы 30 желтоқсанында түскендер - мемлекеттік мекеменің төлеуге берілген шоттары негізінде 2025 жылғы 30, 31 желтоқсанда тағайындауы бойынша оларды әрі қарай аудару үшін мемлекеттік мекемелердің кодтары бойынша қалыптастырылады;
- 2025 жылғы 31 желтоқсанда түскендер - Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 279 тармағына сәйкес әрі қарай аудару үшін 902 шотқа аударылады.
4. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы операциялық күннің соңына дейін 2025 жыл бойынша мемлекеттік қазынашылық органдарына жіберілмеген "Қазынашылық-клиент" АЖ барлық қаржылық құжаттарды жою және қайтару (Есепшіде/Бас есепшіде жою, Есепшіде/Директорда қайтару және жою) қажет екендігі ескертілді.