«Аmanat» партиясының Шымкент қалалық филиалы Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және Қаржы жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай Қаржы басқармасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шара барысында басқарма ұжымының еңбегі атап өтіліп, қызметкерлерге табыс, кәсіби жетістік және ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
