Ұлттық валюта күніне арналған көрме өтті

Ұлттық валюта күніне арналған көрме өтті

Ұлттық банк ұйымдастырған 15 қараша - Ұлттық валюта күніне арналған көрмеге Қаржы басқармасы өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ұлттық валютамыз – теңгенің тарихы мен даму кезеңдері таныстырылып, оның еліміздің экономикалық тәуелсіздігін нығайтудағы маңызы атап өтілді.
Көрме аясында қатысушылар отандық ақша белгілерінің эволюциясымен танысып, қаржы саласындағы жетістіктер туралы мағлұмат алды.
Теңге — еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының символы!