Түркістан облысының Шамші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимараты Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне алынды

Түркістан облысының Шамші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимараты Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне алынды

        Биылғы жылы Түркістан облысының Шымкент қаласында орналасқан ғимараттарын қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша және тиісті салалық мекемелерге пайдалануға тапсыру бағытында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.

        Түркістан облысы мен Шымкент қаласының коммуналдық меншіктеріндегі коммуналдық заңды тұлғалар мен мүліктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне қабылдау-өткізу іс-шарасы жүргізілді.

        2025 жылғы 16 мамырында Түркістан облысының Шамші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Қазыбек би көшесі, № 9, ғимараты қаланың коммуналдық меншігіне қабылданып, Шымкент жастар театры мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының теңгеріміне берілді.