Шолпан Сабеновна жалпы 43 жыл еңбек етіп, оның 30 жылын мемлекеттік қызметке арнап, ізбасар шәкірттер тәрбиелеп, кәзіргі таңда қаржы саласында ол кісінің мектебінен өткен білікті мамандар қызмет атқаруда.
Шымкент қаласының қаржы басқармасының басшысы Р.Бақтыбаев, қазағымыздың салт-дәстүрінің бірін сақтай келе, Ш.Бикееваға шапан жауып, құттықтау хатын табыстап, өз жылы лебіздерін жеткізіп, алғыс айтты.