ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ілгілік қағидаларына» сәйкес,

2025 жылғы 21 сәуір мен 26 мамыр аралығында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппаратында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Ішкі талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, алдын алу және Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметінің шықтығы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

Талдау келесі принциптерді сақтай отырып жүргізіледі:

- объективтілік

- сенімділік

- ашықтық

- жан-жақтылық

Талдау нәтижелері бойынша талдамалық есеп, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді жою бойынша іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл материалдар Қаратау ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

Егер де, Сізде аудан әкімдігінің қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз не ұсыныс пікірлеріңіз болса көрсетілен байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін атап өтеміз.

Байланыс телефоны: 8 /7252/ 77-45-95

Эл. почта: 7787775871@mail.ru