Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, онда сыбайлас жемқорлықты алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың №4 үлгілік базалық бағытына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, этика нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер (құмар ойындарына қатысу қызметтен босатуға әкеледі), іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан тартыну, «Адал азамат» қағидатын ілгерілету жөнінде медиа-жоспар бекітілген болатын. Мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы күрес саясат саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2025 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қ.Қайыпназарова, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Хайруллина, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.Исмагулова және Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишевтің қатысуымен Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметшілерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік қызметшілердің тұрақты декларация тапсыруы бойынша сала мамандары түсініктеме берді. Олар декларацияның маңызы мен оны уақытылы тапсырудың талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, осы міндеттің мемлекеттік қызметші үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Бұдан басқа, лудоманияның алдын алу жөніндегі видеоролик көрсетіліп, тәуелділіктен сақтандыру туралы түсінік берілді. Барлық шаралар ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етуге бағытталған.