Құрметті Қаратау ауданының тұрғындары!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласының Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды!
✅ Жобаның мақсаты:
📌Аумақты көгалдандыру 🌿
Тротуарларды жайластыру
📌Пандустарды, арықтарды салу және жөндеу
📌Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа да объектілер)
📌Бордюрлар мен брусчаткаларды жөндеу
📌Қоқыс тастайтын жерлерді жою
📌Спорт алаңдары, балалар ойын алаңдарын орнату және жарықтандыру
Өтінімдер 28 қаңтардан бастап 1 наурызға дейін қабылданады!
Сараптамалық кеңестен оң шешімін алған өтінімдер 9 наурызбен 24 сәуір аралығында дауыс беруге өткізіледі!
Қалалық бюджет есебінен жүзеге асатын жобаны іске асыру үшін өз ұсынысыңызды білдіріңіз! Егер сіздің жобалық ұсынысыңыз басқа тұрғындар тарапынан қолдауға ие болса, ол жоба іске асырылады!