ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ 3-КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ 3-КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды. Аталмыш құжат нормаларына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енді.  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталды. Мұндағы негізгі міндет сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету; жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру; әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру болып табылады.

— 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялаудың үшінші кезеңінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нұсқа) алғаш рет заңды тұлғалардың құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (ТОО, ИП, АО иелері мен жұбайлары) тапсырады.  Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатса немесе есеп өткізбесе де декларация тапсыру керек. Сонымен қатар жалпыға бірдей декларацияда бағасы 1000 АЕК-тен (3 692 000 теңге) асатын құнды заттарды да көрсету қажет. Шымкент қаласы Қаратау ауданы кәсіпкерлерін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00) уақытылы және сапалы тапсыруға шақырмын,- дейді Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша МКБ   Өндірістік емес төлемдер бөлімінің Алтынбеков Нүркен Нұртасович. .Бұған дейін елімізде Жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңі өтті. Мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары декларация тапсырды. Барлығы 2,6 млн адам қамтылған.