"Халық қатысатын Бюджет" жобасы 2024

"Халық қатысатын Бюджет" жобасы 2024

"Халық қатысатын Бюджет" жобасы-халықтың қатысуымен әзірленетін, енгізілетін және іске асырылатын жоба.

             "Халыққа қатысу бюджетін" іске асыру үшін Шымкент қаласы бойынша Қаратау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ақпараттық жүйе әзірленді, осы жоба шеңберінде Шымкент қаласының тұрғындары келесі іс-шаралар бойынша өздерінің жобалық ұсыныстарын жібере алады:

      1) аумақты көгалдандыру;                                                        

      2) тротуарларды жайластыру;

      3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

      4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;

      5) бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;

      6) полигондарды жою;

      7) жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;

      8) аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.