Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №2842 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес Қаратау ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін ораластыру орындарын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №2842 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес Қаратау ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін ораластыру орындарын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Шымкент қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындарын айқындау бойынша

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер
    • Шымкент қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерді (әрі қарай – ӘМАТССН) орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурстық құжаттамасы қала әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы «Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2022 – 2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2021 жылғы №1207 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»                          №2842 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы                           12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» №166-НҚ бұйрығына сәйкес әзірленген.
    • Конкурстың нысаны Шымкент қаласы аумағында ӘМАТССН орналастыру құқығын ұсыну. Конкурс ашық болып табылады.
    • Шымкент қаласы аумағында ӘМАТССН бойынша белгіленген орындарды ұсыну Қаратау ауданы әкімі аппараты құратын Конкурстық комиссия отырысының шешімімен (хаттама) анықталады.

«Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараттары» конкурстық комиссиясының шешімі (хаттама) негізінде жеңімпазбен меморандум түзеді.

  • ӘМАТССН меморандумға сәйкес орналастырылады. ӘМАТССН орналастыруға арналған орындар жер телімдерін сатып алу құқығынсыз беріледі. «Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты» әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі.

ӘМАТССН сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі 12 айға дейін белгіленеді (мерзімін ұзарту мүмкіндігі қаралған).

  • ӘМАТССН орналастыру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу, меморандум шарттарының орындалуын бақылауды «Шымкент қаласы Қаратау аудан әкімі аппараты» жүзеге асырады.
  • Конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурстық комиссия отырысына дейін күнтізбелік бес жұмыс күннен  кешіктірілмей Шымкент қаласы Қарату аудан әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында жарияланады https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkentkaratau?lang=ru.
  • ӘМАТССН орналастыру бойынша конкурстық құжаттаманы қабылдауды «Шымкент қаласы Қаратау аудан әкімі аппараты» кеңселері жүзеге асырады.
  • Конкурстық комиссия қорытындысының шешімі 10 күнтізбелік күн ішінде шығады.
  • Конкурс қорытындысы конкурс комиссиясының отырысынан кейін Шымкент қаласы Қаратау аудан әкімі аппаратының ресми сайттарында жарияланады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau?lang=ru

  • Осы конкурстық құжаттамада көрсетілмеген өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі.
  • Комиссия отырысына белгілі бір себептермен төраға қатыса алмаған жағдайда оның міндетін уақытша комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

 

 

  1. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
    • Конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманың талаптары мен меморандум шарттарына сәйкес рәсімделіп, белгіленген мерзімде өтінім берген жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары қатыса алады.
    • Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар міндетті түрде кемінде бір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруші және тауардың шығу тегі туралы СТ-КЗ сертификат болуы, 10 әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілермен келісім шарты және жұмыс тәжірибесі кемінде екі жыл болуы тиіс.
    • Конкурсқа қатысушы төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану процесінде болмауы керек, оның қызметі конкурсқа қатысуға өтінім беру және қарау кезіндегі тоқтатылған болмауы керек.
    • Ойын үстелдерін, ойын автоматтарын, тотализатор кассаларын, букмекерлік кассаларды және басқа ойын бизнесі жабдықтарын орналастыруға құқығы жоқ.
    • ӘМАТССН орналастырған кезде қосымша жеңіл құрылыстағы конструкцияларын салуға тиым салынады.
    • Меморандум бойынша өз құқықтарымен міндеттерін басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      2.7.      Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге жататын салықтарды, алымдарды, айыппұлдар мен санкцияларды төлеу бойынша орындалмаған міндеті бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алмайды.

 

  1. Конкурс туралы хабарландыру

3.1. Конкурс өткізу бойынша хабарландыру келесі ақпаратты қамтиды:

1) конкурсқа қатысу тәртібі;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің мерзімі;

3) қажетті құжаттар тізімі;

4) конкурс қорытындысын шығару және жариялау мерзімі.

3.2. Конкурсқа қатысушылар арасынан 1 орынға бір үміткер қатысқан жағдайда, конкурстың талабына сәйкес өтті деп есептеледі.

 

 

  1. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді рәсімдеуге қойылатын

талаптар

4.1. Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы жабық конвертте тапсырады. Конверттің сыртында қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектілері), байланыс телефондары көрсетілуі қажет.

4.2. Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

4.3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қатысушының арызы мен растайтын құжаттарының көшірмелерінен тұрады.

4.4. Конкурсқа қатысқан кәсіпкерлік субъектілері үшін ұсынылған құжаттары қайтарылмайды.

4.5. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурсқа тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялығын, конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрінде сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті.

4.6. Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

 

  1. Объектілерді орналастыруға қойылатын талаптар

5.1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» №166-НҚ бұйрығына сәйкес, тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енетін 19 тауар түрін сату және                      «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі» комиссиямен бекітілген баға деңгейінен асырмай сату міндеттеледі. Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауар болуға міндетті.

5.2. ӘМАТССН «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, өрт қауіпсіздігі және жол қауіпсіздігі қағидаларына сай болуы.

5.3. ӘМАТССН-нің иелері өз объектілерінің сыртқы келбетінің күтімін қамтамасыз етуге, оларды таза ұстауға, маңдайшалардағы, құрылымдық элементтердегі зақымдануларды уақытында қалпына келтіруге, тиісті аумақтарды санитарлық күтіп-ұстау, тазалықты ұйымдастыру және тазалық пен ұқыптылықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес іргелес аумақты тазартып, абаттандыру үшін  коммуналдық  мекемесімен келісім-шарт түзеді.

5.4. Меморандум шартының ажырамас бөлігі болып табылатын эскизге сәйкес, сатылатын өнімдердің бағалары туралы ақпараттық стендттерді орналастырады. Сонымен қатар, стендттердің тұрақты түрде ілініп тұруы міндеттеледі.

5.5. ӘМАТССН-нің иелері объектілерінің аумағында жеке кәсіпкерлік (ИП) және заңды тұлға бойынша ақпаратты орналастырады.

5.6. ӘМАТССН-нің сәулеттік келбеті мен стенд үлгісі  меморандум шартының ажырамас бөлігі болып табылатын жобаның ұсынылған эскизіне сәйкес болуы қажет.

5.7. Берілген аумақты басқа тұлғаға беруге тыйым салынады. Қағидада көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ӘМАТССН орналастыру үшін орын беру туралы меморандум күші жойылады, тексеру актісі жасалғаннан кейін хабарлама беріледі және 14 күн ішінде сауда нысаны кәсіпкер есебінен алынып тастауға жатады.

5.8. Қағида талаптары орындалмаған жағдайда, яғни сауда нысаны кәсіпкер есебінен алынып тасталмаса, «Шымкент қаласының аудан әкімі аппараты» бір тараптан алып тастайды.

 

  1. Конкурстың жеңімпазын анықтау қағидалары

Комиссияның оң қортындысын алған кәсіпкерлік субъектісі жеңімпаз болып табылады.

           6.1. Жеңімпаз келесі 3 негізгі қағидалар бойынша анықталады:

    1) тауарларды өндіру бойынша:

    - жергілікті тауар өндіруші (Шымкент қаласы) – 0,2 балл, әр бір әлеуметтік маңызы бар тауарға;

    - Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері – 0,1 балл, әр бір әлеуметтік маңызы бар тауарға;

    2) тауарларды сату бойынша:

    - жергілікті өңірде өзіне қарасты сауда нүктесінің болуы – 0,1 балл, әр бір сауда нүктесіне;

    - республикада өзіне қарасты сауда нүктесінің болуы -  0,1 балл, әр бір сауда нүктесіне;

    3) құрылатын жұмыс орындарының саны бойынша:

    - 1 жұмыс орны - 1 балл, алайда - 20 баллдан көп емес;

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғанда бір орынға бір ғана өтінім берілген жағдайды орындарды бөлу конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.

Бір орынға бір өтінім берілген жағдайда, орын бөлу туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.

Белгілі бір орынға өтінім болмаған жағдайда, конкурс осы орын бойынша ғана өтпеді деп есептеледі және қайта өткізілетін болады. Конкурс қайта өткізіледі.

Екі (2) немесе одан да көп қатысушының өтінімдері бірдей болған жағдайда, жеңімпаз ӘМАТ сатылатын өнім ассортимент түрінің көп болуына байланысты анықталады.

Бір қатысушыға ӘМАТССН орналастыруға бөлінетін орындарының саны конкурстық комиссияның шешімі бойынша анықталады.

 

  1. Конкурс қорытындылары бойынша меморандум жасау тәртібі

         7.1. Ұйымдастырушы жеңімпазға меморандум жасау қажеттілігі туралы хабарлайды.

         7.2. Конкурстың жеңімпазы хабардар етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде меморандумға  қол қоюы тиіс (қосымша №3 – меморандум).

         7.3.   Конкурстың жеңімпазы меморандумға қол қойған күннен бастап 14 күн ішінде сауда нысанын орнатуы тиіс.

         7.4. Егер конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде ұйымдастырушыға ӘМАТССН орналастыруға қол қойылған меморандумды ұсынбаса, онда мұндай жеңімпаз меморандум жасаудан бас тартқан деп танылады.



Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын

сататын сауда нүктелерін айқындау

бойынша конкурстық құжаттамаға

№2 қосымша

Қаратау ауданы аумағында

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

тауарларын сататын сауда нүктелерді

орналастыру орындарын бөлу

бойынша конкурстық комиссияның

төрағасына

 

қатысушының А.Ж.Т._________________

____________________________________

ЖСН _______________________________

тел:_________________________________

мекен-жайы _________________________

 

 

 

Өтініш

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға

 

Өтініш беруші______________________________________________________

Заңды (үй)мекен-жайы_______________________________________________

Аты-жөні__________________________________________________________

ЖСН / БСН өтініш берушінің байланыс телефоны _______________________ 

Эл. пошта (болған жағдайда) _________________________________________

Сізден_______________________________________________________________________________________________________________________________

(мекен-жайыды көрсету керек)

әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру үшін орын бөлуді қарастыруды сұраймын.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру тәртібі мен талаптары туралы ережемен таныстым_____________________(қолы).

Осы өтінішпен кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тарату және банкроттық рәсімі жүргізілмейтінін, қызметі тоқтатылмағанын растаймын _____________________ (қолы).

         Осы өтінішпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастырукезінде міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті барлық материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие екенімді растаймын_______________ (қолы).

Өтінішке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастырутуралы ереженің талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар топтамасын қоса беремін.

         Өнім туралым әліметтер:

  • Өткізілетін өнім:
  • Өз өндірісінің тауарлары _____________________________________
  • Жергілікті өндірушінің тауарлары_____________________________
  • Қазақстан Республикасы өндірушілерінің тауарлары_____________

 

  • Жұмыс орындарын құру:
  • Жұмыс орындарының саны ___________________________________

 

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктесін орналастыру кезеңі:

__________________________________________________________________

Қосымша тіркелетін құжаттардың тізімін көрсету:

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  
  5.  
  6.  

 

 

«____» ____________ 20__ж.                           ____________________________

(өтінішті беру күні)(аты-жөні, қолы)






Өтініштерді қабылдау:
2023 жылғы 18 наурыз- 3 сәуір аралығы.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы №60, «Шымкент қаласы  Қаратау ауданы әкімінің аппараты», анықтама үшін телефон: +7 (7252) 77-46-18. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2023 жылғы  3 сәуір сағат 17:30-ға дейін қабылданады.

Конкурсқа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:

1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон,   заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);

4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктесінің фотосуреті;

5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісім шарттардың көшірмесі, ауыл   шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т.б.);

6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті.

Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.

Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau?lang=ru ресми сайтында жарияланған.

Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau?lang=ru ресми сайтында жарияланады.

 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары

Алатын алаңы         (шаршы метр)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қаратау ауданы

1.                    

Нұрсәт 3 т.а., №11  оң үйдің жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

2.                    

Нұрсәт ш.а, №114 үйдің оң жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

3.                    

Тұран ш.а.. №359/10 үйдің жанындағы автотұрақ

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

4.                    

Тұран 2 ш.а., №42 а үйдің қарсы беті

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

5.                    

Нұрсәт  т.а., №103 үйдің сол жағы.

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

6.                    

Нұрсәт 3 т.а., №47  үйдің  оң жағы.

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

7.                    

Нұрсәт  т.а., №164 үйдің арты

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

8.                    

Сайрам т.а. Ә. Темір  көшесі «AS BOSS » киім дүкенінің алды.

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

9.                    

Нұрсәт ш.а. 1 үйдің сол жаны

30 шаршы метр

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл